Қызылордада мас күйде көлік басқарған жүргізушілер ұсталды
Қызылордалық полицейлер демалыс күндері рейд барысында 395 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұма және демалыс күндері қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейдтік жұмыстар жүргізді. Үш күндік күшейтілген рейд барысында 395 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Оның ішінде 3 жүргізуші мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ұсталды. Мас күйінде көлік жүргізу деректері бойынша полицейлер әкімшілік хаттама толтырып, тиісті шешім қабылдау үшін құжаттарды сотқа жолдады.
Жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпаудың – 53, автокөлікті басқару кезінде телефонды пайдаланудың – 9, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеудің – 22, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзуының бір дерегі анықталды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді және басқа да жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады: жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін бұзбауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты сақтауға және ең бастысы, мас күйде көлік басқармауға кеңес береді.
Бұл бағыттағы жұмыстар мен құқық бұзушылықпен күрес жалғасып жатыр.