Қызылордада мас күйде көлік тізгіндеген автобус жүргізушісі ұсталды
Қызылордада мас күйде көлік тізгіндеген автобус жүргізушісі ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 21-23 шілде аралығында өтіп жатқан “Тасымалдауш жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 23 шілде күні қалада тасымалмен айналысатын ПАЗ автобусын тоқтатты.
Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. Ол бірден наркологиялық диспансерге жеткізіліп, сараптама қорытындысы бойынша жеңіл дәрежелі масаң күйде болғаны расталды.
Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, автобус тұраққа қойылды.
Масаң күйде көлік жүргізген жүргізушіге 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қарастырылған.