Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Қызылордада мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған Lexus RX 300 автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Жеке басын анықтау кезінде күмән туындауына байланысты жүргізуші наркологиялық сараптамаға жеткізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, 34 жастағы азаматтың орта дәрежелі масаң күйде болғаны белгілі болды.

Аталған құқық бұзушылық бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шара қабылданды. Сондай-ақ автокөлік айып тұрағына қойылды. Ал құқық бұзушы 15 тәулікке қамаққа алынуы мүмкін.

Полиция көлік құралдарының жүргізушілерін жолда сақ болуға, жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Рөлге отырған әрбір жүргізуші өз өмірі үшін ғана емес, жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірі мен денсаулығы үшін жауапты екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру