Қызылордада мас күйде көлік жүргізген 7 жүргізуші ұсталды
Қызылорда қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Апта көлемінде барлығы 1623 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол қозғалысы саласы бойынша –726, қоғамдық қауіпсіздік бойынша – 897 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Мас күйде көлік құралын жүргізгені үшін 7 жүргізуші ұсталды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді және басқа да жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады: жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін бұзбауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты сақтауға және ең бастысы, мас күйде көлік басқарған қылмыскер екен ескертеді.