Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды

Қызылордада мас жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция бекет қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында масаң күйде көлік тізгіндеген 30 жастағы қала тұрғынын анықтады.

10 қыркүйек күні сағат 21:43 шамасында ГАЗ 27055-264 көлігінің жүргізушісі масаң күйде көлік басқарған. Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан
Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді. Масаң күйде көлікті басқарған жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Қызылорда облысының полицейлері мас күйде көлік тізгіндемеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру