Қызылордада мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Қызылордада мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының “Қылмысқа тосқауыл” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 19 қыркүйек күні 01:00 шамасында Шұғыла мөлтек ауданында Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатқан полиция қызметкерлері мас жүргізушіге тап болды.
Құжаттарын тексеру барысында қала тұрғынынан алкогольді спирт ішімдігінің иісі шығып тұрғанын байқаған. Медициналық куәландыруға жеткізіліп, қортындысына сай жүргізуші “ауыр дәрежелі” күйде көлікті басқарғаны анықталған.
Атап айтсақ, 2021 жылдың мамыр айында құқықбұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтың 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді) бойынша шара көрілген болатын.
Құқықбұзушы тағы масаң күйде көлікті басқарғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және масаң күйде болған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қорытындысына сай қамаққа алынды.