Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Қызылордада мас жүргізуші жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қарашада Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшелерінің қиылысында 43 жастағы жүргізуші “КамАЗ” маркалы жүк автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарғаны Қызылорда қалалық ПБ-сы қызметкерлерімен анықталды. Автокөлік айып алаңына қойылды.

Қызылорда облысының сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) рәсімделген әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру