Қызылордада мас жүргізуші көлік айдаған
Көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші қайтадан мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қараша күні сағат 08:29-да Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлікті тоқтатқан. Автокөлікті басқарып келе жатқан 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Тексеру барысында бұл азаматтың 2019 жылғы 25 қыркүйекте 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушыларының өміріне қауіп төндіргені белгілі болды.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.