Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас жүргізуші ұсталды

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 26 ақпаны күні түнде Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде “Қауіпсіз жол” іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол  қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жеңіл автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті басқарып келе жатқан облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған азамат 2018 жылғы 17 мамырда 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Бұл орайда, жол – көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарына жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру