Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Қызылордада мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 желтоқсан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс тұрғыны арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беремін деп жалған айтып, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 600 мың теңге көлемінде ақшасын иемденген әйелге қатысты заңды шара қолдануын сұрап арызданған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті – қала тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру