Қызылордада «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді
Наурыз айының 26-29 күндері аралығында Қызылорда облысының аумағында «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның 3 күнінде мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың 151 дерегі анықталды, оның ішінде, мотокөлік құралдарының түнгі тыныштықты бұзуының 7 дерегі, көлік кұралын заңсыз қайта жабдықтаудың 13 дерегі, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеудің 17 дерегі, мотошлем пайдалану жөніндегі талаптарды бұзудың 43 дерегі, маневр жасау қағидасын бұзудың 13 дерегі, бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өтудің 4 дерегі, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеудің 5 дерегі, авариялық жағдау туғызудың 1 дерегі, тиісті құжатсыз мотокөлік басқарудың 27 дерегі, мас күйінде мотокөлік басқарудың 3 дерегі анықталып, 95 мотокөлік айыппұл тұрағына қойылды.