Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада облыстық ЖИТС мамандары сотталғандармен кездесті

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген азаматтарға облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың білікті мамандары ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орталықтың дәрігер-эпидемиологы А.Садвакасова сотталған азаматтарға АИТВ/ЖИТС-тің пайда болуы, таралуы және белгілері туралы әңгімеледі. Инфекция жұқтырған адамдарда ешбір ауру белгілері байқалмауы не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы мүмкін, әдетте инфекцияның симптомсыз кезеңі ұзаққа созылатындығына, ауру үдеген жағдайда адамның иммунитеті әлсірейтіндігін де атап өтті.

«Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп Абай атамыз айтқандай орталықтың емдік көмек беру бөлімінің дәрігер-инфекционисі А.Балмаханова  аурудың қандай қауіпті екенін айтып, АИТВ инфекциясын жұқтыруының алдын алу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау деді.  

Кездесу барысында қатысқан сотталғандарға осы індет жайлы буклет, ақпарат қағазшалары таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру