Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада оқушылар кинология орталығына барды

Қызылорда облысында "Orda School" мектебінің балалары кинология орталығына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кинология орталығында балалар қызметтік иттерді қалай оқытатынын және олардың полицияға заңсыз заттарды анықтауға, жоғалған адамдарды іздеуге және тәртіпті сақтауға қалай көмектесетінін білді.

Балалар жаттығу сабақтарын қызығушылықпен тамашалады, кинологтармен сұхбаттасты. Ақылды және батыл із кесуші иттерді қызықтады.

Сондай-ақ оқушыларға нашақорлық мәселесі және кәмелетке толмағандардың есірткі бизнесіне тартылуы, синтетикалық есірткінің таралуы және есірткі сатушылардың заңға қайшы екені түсіндірілді.

Бұл экскурсия мол эмоциялар әкеліп қана қоймай, полицейлер мен олардың адал көмекшілері – қызметтік иттердің жұмысының маңызы мен жауапкершілігін көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру