Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ортақ пайдаланылатын орындарды ластағандар жауапқа тартылды

Қызылордада ортақ пайдаланылатын орындарды ластағандар жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада ортақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен қала аумағында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 1337 құқық бұзушыны анықтады

​​Қызылорда қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және жергілікті полиция қызметкерлерімен жыл басынан бері ортақ пайдаланылатын орындарды ластау дерегі бойынша 1337 тұрғынды анықтап, жауапқа тартты. ​

​Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 434 бабының 2 бөлігімен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру