Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада өткен жылы заңсыз айналымнан 198 қару тәркіленді

Қызылордада өткен жылы заңсыз айналымнан 198 қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз айналымнан атыс қаруын тәркілеу, ұрланған, жоғалған қаруды іздестіру және атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүйелі түрде өткізілуде.

Шара барысында өткен жылы заңсыз айналымнан барлығы 198 қару тәркіленді. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабымен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік жауапқа тартылды. 9 мыңнан астам жеке қару иелерiнің аңшы қаруын сақтау заңдылығы тексерiлiп, азаматтық, қызметтiк қаруды, оған арналған патрондарды сақтау, пайдалану және тасымалдау ережелерiн бұзу дерегімен 699 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік шаралар көрілді.

– Өткен жылы республика көлемінде заңсыз сақтаудағы қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды қабылдау акциясы өткізіліп, оның барысында азаматтардан 91 өтініш түсіп, 131 қару қабылданды, – деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру