Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада өзін сауда агенті ретінде таныстырған алаяқ 450 мың теңгенің мүлкін заңсыз иемденген

Қызылорда қаласында өзін сауда агенті ретінде таныстырған алаяқ 450 мың теңгенің мүлкін заңсыз иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 2 ақпан күні жеке фирманың директорынан арыз түсті.

Жәбірленушінің айтуы бойынша, 2019 жылдың ақпан айында белгісіз біреу «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы өзін белгілі мекеменің сауда агенті ретінде таныстырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке тиесілі энергетикалық сусындарды алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 450 мың теңге.

Бұл факт бойынша тәртіп сақшылары өткізген жедел-іздестіру  жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде облыс орталығының 40 жастағы тұрғыны ұсталды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру