Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пәтер ұрлығы ашылды

Қызылордада пәтер ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуы бойынша түскі уақыт 15:40 шамаларында ұры үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, үйінің кіре-беріс темір есігін бұзып ашып кіріп, шкаф ішінен жеті дана алтын алқа, екі дана алтын білезік, тоғыз дана алтын сырға, үш дана алтын сақина, күміс бұйымдарын және де әмиянынан үлкен соммадағы ақшаларын қолды еткен. Қазіргі таңда, жалпы жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 2,7 миллион теңгені құрайды.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері бұл мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде «ізін суытпай» 30 жастағы бұрын сотты болған, қала тұрғыны күдікті азамат ретінде тәртіп сақшыларының қолына түсті. Жәбірленушіге ұрланған заттары толықтай қайтарылды.
Күдікті Қызылорда қалалық ПБ-ның УҰИ-на қамауға алынды.

Қазіргі уақытта, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктінің өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру