Қызылордада пәтерге ұрлыққа түскен ұры құрықталды
Қызылордада пәтерге ұрлыққа түскен ұры құрықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
14 тамыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуы бойынша, кешкілік уақыт 17:00-18:30 аралығында белгісіз адам үйінің асхана бөлмесінің пластик терезесін күштеп ашып кіріп, қонақ бөлмедегі шкаф ішінде тұрған алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 610 мың теңгені құрайды.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Ақсай Полиция қызметкерлері бұл мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде "ізін суытпай" 36 жастағы бұрын сотты болған, облыс тұрғыны күдікті ретінде тәртіп сақшыларының қолына түсті.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3 тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктінің өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.