Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ: Қызылордада полицейлер 95 құқық бұзушылықты анықтады

Қызылордада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 95 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында осы жылдың мамыр айының 10-20-сы аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараның 5 күнінде жалпы 95 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, шетел азаматтарымен жасалған 82 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталса. Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 13 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілді.

Сонымен қатар қала аумағында орналасқан қыш шығару заводтарынан заңсыз жұмыс істеп жүрген 50 шетелдік азаматтар анықталып заң талаптарына сай әкімшілік шаралар көрілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру