Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер әккі ұрыны қолға түсірді

Қызылордада полицейлер әккі ұрыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері іздестіру шаралары барысында екі ай ішінде пәтер ұрлықтарын ашты. Қызылорда қаласының 6 тұрғыны үйлерінен зергерлік бұйымдардың ұрланғандығы жөнінде полицияға арызданған. Оларға 4 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді. Әккі ұры терезе арқылы облыс тұрғындарының үйлеріне заңсыз кіріп, алтын бұйымдарды жымқырған. Тергеу барысында полиция күдіктінің жасаған іс-әрекеттерін толығымен дәлелдеді.

Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды. Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде сотталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру