Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер ашық есік күнін өткізді

Қызылордалық полицейлер ашық есік күнін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және білім алушыларды полиция қызметімен таныстыру мақсатында Қызылорда облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасында Қызылорда ашық университетінің заңгер мамандығы бойынша оқып жатқан студенттер үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында студенттерге криминалист мамандар күнделікті қолданатын заманауи техникалық құрал-жабдықтар мен зертханалар таныстырылып, оқиға орнын тексеру бойынша дәрістер өткізілді. Жастар криминалистика саласының қыр-сырымен танысып, бұл мамандыққа деген қызығушылықтарын білдірді.

Экскурсия соңында студенттер мен оқытушылар полиция қызметкерлеріне алғыстарын айтып, көрсетілген құрмет пен қолдау үшін ризашылықтарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру