Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер ауа райының қолайсыздығына байланысты 100-ге жуық жүргізушіге көмек көрсетті

Қызылордада полицейлер ауа райының қолайсыздығына байланысты 100-ге жуық жүргізушіге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері ауа райының қолайсыздығынан жолда қалып қойған жүргізушілерге көмек көрсетуде. Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше республикалық автожолдарда көлік қозғалысы шектелді. Патрульдік полиция экипаждары күшейтілген режимде қызмет атқарып, жолда қалғандардың барлығына қолдан келгенше көмектерін берді. Мәселен, өткен аптада полиция қызметкерлері қызмет атқару барысында тас жолда тұрып қалған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті.

Рота қызметкерлері кезекшілік кезінде М-32 Шымкент — Самара тас жолының 2225 шақырымында жолда тұрып қалған МАN жүк көлігін байқайды. Көліктің бұзылғанын түсінген полицейлер өтіп бара жатқан басқа ауыр жүк көлігін тоқтатып, бұзылған көлікті көлік жөндеу орталығына сүйреп апаруды өтінді. Көлігі жөндеуден өткен жүргізуші полицейлерге алғысын білдіріп, Алматы қаласына сапарын жалғастырды.

Тәртіп сақшылары боран соғып, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолда қалып қойған 100-ге жуық автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетті.

– Патрульдік полицейлер осындай жағдайларда қандай әрекет жасау керек екендігін біледі. Көлік құралдары тоқтап қалған жағдайларда эвакуаторды шақыру, қажет болған жағдайда елді – мекенге жеткізу, көлік құралының қозғалтқышын жылыту, эвакуациялау жұмыстарын жүргізеді. Үнемі азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды назардан тыс қалдырмауыз қажет , – дейді полицейлер.

Полицейлер алыс сапарға қамданып, ауа райы болжамдарын, жол қызметтерінің хабарламаларын мұқият қарап, жолға жоспарлап шығуға кеңес береді. Сондай-ақ, жолға шығар алдында көліктердің техникалық жағдайын тексеру қажеттігін тағы да еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру