Қызылордада полицейлер аязды күні жолда қалған шетел азаматтарына көмек көрсетті
Қызылордада полицейлер аязды күні жолда қалған шетел азаматтарына көмек көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы ПД Жалағаш ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында KAZ-06 Қарабұтақ- Қызылорда- Шымкент автомобиль жолында күшейтілген түрде қызмет атқару барысында жол жиегінде тұрған автокөлікті байқайды.
Анықталғандай автокөлік жүргізушісі Өзбекстан Республикасының азаматы көлігі бұзылып, жанұясымен бірге далада қалған. Полицейлер көмекке асығып, олардың автокөлігіне қосалқы бөлшектерін жеткізіп, жанар-жағар маймен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті.
Өңірде ауа - райының күрт өзгеруіне байланысты қиын жағдайда қалған уақытта көмек қолын созған қазақстандық полицейлерге жүргізуші шексіз алғысын білдірді.