Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер балабақша бүлдіршіндеріне жол ережесін үйретті

Қызылордада полицейлер балабақша бүлдіршіндеріне жол ережесін үйретті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалысы ережесін түсіндіру мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ювеналды полиция бөлімшесінің №8, 9, 10 учаскелік полиция пунктінің тәртіп сақшылары қала аумағында орналасқан "Сыр бесігі" балабақшасында "Абай бол, балақай!" атты қауіпсіздікті сақтау мақсатында кішкентай балалларға жолда жүру ережесін үйретті. Сабақ барысында бүлдіршіндерге бағдаршамнан өту, жолда жүру ережелерін түсіндірді.

- Ата-аналар балаларға жіті көңіл бөліп, жолда жүру ережелерін үйретуі тиіс. Балалардың қауіпсіздігі — баршаға ортақ міндет, — дейді тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру