Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер Бірлік күнін жоғары деңгейде атап өтті

Қызылордада полицейлер Бірлік күнін жоғары деңгейде атап өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаменті басшылығының бастамасымен 1 мамыр – Қазақстан халқтарының бірлігі күні, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шара Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің “Студенттер” сарайында ұйымдастырылып, оған Қазақстан халқы ассамблеясы құрамындағы облыстық этнос-мәдени бірлестік өкілдері, ардагерлер, сондай-ақ Қызылорда облысы полиция департаментінің жеке құрамы қатысып отыр. Достық пен бірлік, ізгілік пен еңбек насихатталған салтанатты жиында Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров көпшілікті мерекемен құттықтады.

— Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бүгінде қазақ жерінде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келе жатса, біздің бір ғана Қызылорда облысы полиция департаментінде бірлігі мен татулығы жарасқан орыс, қырғыз, өзбек, түрік, шешен, кәріс және молдаван сияқты 7 өзге ұлт өкілдері қызмет атқаруда.
Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміздің сақталуына ел тыныштығын күзетіп, халық қауіпсіздігін сақтау мақсатында тәртіп сақшылары аянбай еңбек етуде. Қазақстанда халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Көпұлтты халқымыздың ынтымақтастығы, бейбітшілігі мемлекетіміздің басты жетістігі, байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек. Бір шаңырақ астында халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ, бірлігі арта берсін!, — деді Оралбек Тәубақабылұлы.

Салтанатты жиын барысында өңіріміздің этномәдени бірлестіктерінің жетекшілеріне арнайы сөз берілді.

“Қызылорда облыстық татар қоғамдық-мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галия Камилевна, “Қызылорда облыстық Славян қоғамдық-мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова, “Қызылорда облыстық шешен қоғамдық-мәдени орталығы” “Вайнах” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Лайла Пашаева, “Wiedergeburt” Қызылорда облыстық неміс қоғамдық-мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек құттықтау сөз сөйлеп, өнерлерін паш етті.

Бүгінде Сыр өңірінде халықтың қауіпсіздігі мен бостандығын қорғауды басты мақсат еткен Қызылорда облысының полиция департаментінде 11 өзге ұлт өкілі қызмет етеді. Ұлты басқа болса да, жүрегі қазақ деп соғатын олар қазақ жерін, қазақ халқының тыныштығын сақтауда от пен суға түсіп, кіндік қаны тамған Отанының алдында перзенттік парыздарын өтеп келеді.

Ұлтты ұйыстырып, береке мен бірлікке баулитын бұл мерекелік жиында Виталий Соболев, полиция лейтенанты  Зелимхан Хасиханов, полиция капитаны Тен Альфараби Тен мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Шара соңында қатысушы этномәдени бірлестіктер департамент бастығының Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру