Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер футбол матчына жиналғандарға интернет-алаяқтықтықтан сақтану жолдарын үйретті

Қызылордада полицейлер футбол матчы кезінде интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Премьер-лигасының 3-турындағы "Қайсар" мен "Оқжетпес" арасындағы ойын Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы стадионда өтті. Осы матч барысында Қызылорда облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында арнайы шаралар ұйымдастырды.

Стадионға барған полицейлер жанкүйерлермен тікелей байланыс орнатып, оларға алаяқтардың кең таралған айла-тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Халық көп жиналған аймақта полиция қызметкерлері аудиожазбалар арқылы сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертті.

Бұл іс-шара киберқылмыстардың алдын алуға бағытталған және азаматтарды интернет алаяқтарынан сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру