Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер «ізін суытпай» телефон ұрысын құрықтады

Қызылордада полицейлер «ізін суытпай» телефон ұрысын құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 мамырда полицияға жергілікті тұрғын арызданды. Анықталғандай, 22 мамыр күні кешке оның 18 жастағы баласының саябақтардың бірінде құны 200 000 теңге тұратын ұялы телефоны ұрланған. Жігіт достарымен футбол ойнап, сөмкесін орындыққа қалдырған. Біраз уақыттан кейін ұялы телефонының жоқ екенін түсінген. Осыдан кейін ата-анасы полициядан көмек сұрады.

Полиция қызметкерлерімен кезекші тәулікте күдікті ер адам анықталып, ұсталды. Ол өз ісін толықтай мойындады. Оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез құлық туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру