Қызылордада полицейлер колледж студенттерімен кездесті
Қызылордада жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы орайда Қызылорда қалалық полиция басқармасының ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы Мұхтар Ауесбаев және облыстық полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі Отарбаев Есет Ғанибекұлы «ORDA” жоғары колледжінде жасөспірімдер арасындағы топтық төбелес, бопсалау, ұйымдасқан қылмыстардың алдын алу мақсатында студенттерге дәріс өткізді.
Дәрісте жасөспірімдердің қатысуымен болатын қылмыс және оларға тағайындалатын жаза туралы айтылды. Қойылған сұраққа жан-жақты жауап берілді.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.