Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер колледж студенттерімен кездесті

Қызылордада полицейлер колледж студенттерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Қазалы аудан аумағындағы барлық білім беру ұйымдарында оқушылармен студенттер арасында қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында кездесу өтті.

Кездесуде Қазалы ауданының полиция бөлімі криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Акылбек Есмурзаев пен қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Нұрбол Есетов Қазалы қаласындағы аграрлы-техникалық колледж студенттеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиналыс "құқық бұзушылық және қылмыс, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы топтық төбелес тақырыбында өтті.

Кездесу барысында студенттерді қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру