Қызылордада полицейлер маңызды кездесу өткізді
Қызылордада полицейлер маңызды кездесу өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес Қызылорда облысы полиция департаменті басшылығының ұйымдастыруымен облыс көлемінде күзет қызметінің барлық түрімен айналысатын жеке күзет ұйымдарының басшылары, денсаулық сақтау объектілерінің басшылары мен мамандары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шақырылып, сондай-ақ Қызылорда облысы ПД күзет қызметін бақылау бөлімі, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, жергілікті полиция қызметі басқармасы, Қызылорда қаласы ПБ-сы басшылығының қатысуымен жұмыс кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында “Профилактика жылы” шеңберінде “Денсаулық сақтау объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты” мәселелер талқыланды. Сондай-ақ денсаулық сақтау объектілерінде және оларға іргелес аумақтарда пациенттердің, персоналдың және келушілердің мінез-құлқы және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау ережелері мен тәртібі түсіндірілді.
Террористік қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету мәселесі көтеріліп, осындай жағдайларда тұрақты түрде өткізілетін оқу-жаттығулардың нәтижелері талқыланып, осы бағытта бейнероликтер көрсетілді және көкейкесті сауалдарға ортақ жауаптар алынып, бірқатар тиімді шешімдер қабылданды.
Денсаулық сақтау объектілерінің басшыларына жеке күзет ұйымдарымен күзетілетін объектілерде төтенше жағдайлар орын алған жағдайда полиция департаменті мен жеке күзет ұйымдарының арасында өзара іс-қимыл жасасу жайлы Меморандумдар жасалғанын және полиция тарапынан күзетшілерге бағыт-бағдарлар берілетіндігі атап көрсетілді.
Жұмыс кездесу соңында денсаулық сақтау объектілерінің мүліктік қауіпсіздігін сақтау, болған қылмысты дер кезінде уақтылы анықтау, алдын алу және орын алған қылмысты құрықтау, сондай-ақ басқа да қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін жоғары интеллектуалды жүйелерді, оның ішінде бейнекамераларды заманауи күзету технологияларымен орнатуды және қарулы күзет қызметін пайдалануға шақырды.