Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер мүмкіндігі шектеулі тұрғынға құжат рәсімдеуге көмектесті

Қызылордада полицейлер мүмкіндігі шектеулі тұрғынға құжат рәсімдеуге көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда халықты құжаттандыру мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті шаралар қабылдануда. Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы азаматтарды, көпбалалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру үшін көші-қон қызметінің және ХҚКО-ның арнайы тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылған.

Тәртіп сақшылары тұрғындардың мекенжайларына арнайы барып, қызмет көрсетуде. Қызылорда облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен қала тұрғыны 1-топтағы мүмкіндігі шектеулі жанның 72 жасқа толуына байланысты құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп, азаматқа дайын құжаты табысталды. Полиция қызметкерлерінің атқарған қызметтеріне риза болған азаматша өз алғысын айтып, ақ батасын берді.
Айта кетерлігі, бүгінгі күнге мобильді топтармен барлығы 115 облыс тұрғыны құжаттандырылып, оларға дайын құжаттары табысталды. Оның ішінде 83 мүмкіндігі шектеулі азамат бар.

Қызылордада полицейлер елдің тыныштығын күзетумен қатар, құжатын заңға сәйкес ресімдеуге көмек беруге әрқашан дайын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру