Қызылордада полицейлер оқушылар мен студенттерге экскурсия ұйымдастырды
Қызылорда облыстық полиция департаментінде студенттер мен оқушыларға арналған ашық есік күні өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай «Ашық есік күні» акциясы аясында бүгін Орда жоғары колледжінің студенттері департаменттің мұражайы, криминалистика басқармасы мен жедел басқару орталығына экскурсия жасады.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарын насихаттау, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік шараларына үйрету.
Мұражай қызметкері қатысушыларды жылы шыраймен қарсы алып, жыл сайын толығып жатқан экспонаттарымен және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде аяңбай қызмет жасаған ардагерлер туралы сақталған мәліметтерімен таныстырып, мол мағлұмат берді.