Қызылордада полицейлер отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын жүргізуде
Қызылордада полицейлер отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара аясында Қызылорда облысы полиция департаментінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөліністері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жұмыс жүргізуде.
Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты "Отбасын қолдау орталығының" қызметкерлерімен бірлесіп, ҚПБ ЖБО-ның "102" жедел желісіне жиі келіп түсетін "жанұя жанжалы" туралы хабарламалар бойынша агрессорлардың тұрғылықты мекенжайларына барып, әлеуметтендіру және профилактикалық сипаттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Барлық қала және ауданда "Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу: себеп пен негіз" тақырыбында семинарлар мен кездесулер ұйымдастырылып, өткізілуде.
Осыған орай Қызылорда облысының полиция департаменті ескертеді:
Адам құқығы заңмен қорғалады. Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болса, төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласып, көмек сұрай аласыз:
📞 Сенім телефоны: 111
📞 Полиция басқармасы және бөлімдері: 102
Дағдарыс орталықтарының байланыс нөмірлері:
"Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қоры:
8-777-340-87-34; 8-707-159-35-51
"Жан" дағдарыс орталығы:
8 (7242) 27-14-73
"Аналар Үйі" қоғамдық қоры:
8-800-080-77-71