Қызылордада полицейлер шетелден келген қандас білім алушылармен кездесті
Қызылордада полицейлер шетелден келген қандас білім алушылармен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон қызметі - бұл өз құзыреті шегінде көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіруді және іске асыруды, көші-қон процестеріне мониторингті, талдауды және болжауды, сондай-ақ босқындар мен Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын ішкі істер органдарының негізгі бағыттарының бірі.
Көші-қон қызмет басқармасы қызметінің шеңберінде уақытша тіркеумен, тұрақты тұрғылықты жерді ресімдеумен, азаматтық ресімдеумен, куәліктер мен паспорттар берумен айналысады. Бұл мақсатта полиция қызметкерлері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде шетелден келген қандас білім алушылармен кездесті.
Кездесу барысында қандас студенттерге арналған бірқатар мәселелер талқыланды. Шетелден келген қандас студенттердің құқықтары мен міндеттері, Қазақстанға келгеннен кейінгі тіркеу, визалық құжаттарды ресімдеу, көші-қон заңнамалары мен шарттары туралы айтылды.
– Көші-қон қызметінің қызметкерлері үшін негізгі міндет - шетел азаматтарының республикада болу режимін бақылауды қамтамасыз ету, олардың Қазақстанға келу және кету ережелерін сақтауы, шетел азаматтарының заңсыз көші-қонына қарсы іс-қимыл болып табылады. Біз құқық бұзушылықтардың алдын алу және шетел азаматтарының келуі үшін қолайлы жағдай жасауға көмек көрсету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізудеміз, – деді Қызылорда облысы ПД көші-қон басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Қамитбеков.