Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер жол апатының алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейтті

Қызылордада полицейлер жол апатының алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қызылорда облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

Бұл мақсатта полицейлер Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент тасжолының бойында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Жүргізушілерге ара қашықтықты сақтау, жылдамдықты асырмау, жолда шаршаған жағдайда міндетті түрде демалып алу қажеттігін ескертіп, жол қауіпсіздігін сақтауға шақырды.

Тәртіп сақшылары олармен профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізіп, жадынамалар таратты. Шаршау деңгейін анықтау үшін медициналық тексеруден өтуді ұсынды.

Профилактикалық іс-шара барысында жүргізушілердің жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін сақтауына, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне, сондай-ақ, барлық қажетті рұқсат құжаттарының болуына баса назар аударылды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге тек көліктің техникалық жағдайын ғана емес, өздерінің денсаулығын да бақылап отыру қажеттігін ескертті. Себебі жол – көлік оқиғаларының көбі жүргізушілердің шаршауы мен сақтық шараларын елемеуінен орын алуда. Әсіресе түнгі уақытта демалмаған, шаршаған күйде көлік жүргізетін жүргізушілердің қарсы жолаққа шығып, көліктердің соқтығысу оқиғалары жиі тіркелуде.

Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілері мен жол қозғалысы қатысушыларын жол жүру ережелерін сақтауды, жолда сақ жүруді және мұқият болуды ескертеді. Мұндай түсіндіру жұмыстары жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алып, жол апаттарының санын азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру