Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлерден қашқан мас жүргізуші ұсталды

Қызылордада полицейлерден қашқан мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі – көлікті мас күйде басқару. Осыған байланысты Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында "Қауіпсіз жол" іс-шарасын жүргізіп келеді.

Осы шара аясында 18 қараша күні сағат 03:40 шамасында полицейлер Audi көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзғанын байқап, тоқтауды талап еткен. Алайда 33 жастағы азамат полицияның заңды талабына бағынбай, жылдамдықты арттырып, қашуға әрекет жасаған. Кейін ол көлікті жолдың қарсы бетіне қойып, оқиға орнынан жаяу қашпақ болған.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні дереу ұстады және оны медициналық куәландыруға жеткізді. Тексеру нәтижесінде оның орта дәрежелі масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. Қазіргі уақытта автокөлік айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру