Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полиция балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Қызылордада полиция балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада тәртіп сақшылары балалардың құқықтық және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, жазғы демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз етуге бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып келеді.

Осы ретте Қызылорда облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Арал ауданындағы "Қамбаш" балалардың жазғы тынығу лагерінде және Шиелі ауданындаға "Сыр ұланы" жазғы демалыс лагерінде балалармен кездесіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

"Полиция - балалар қауіпсіздігінің кепілі" қағидатын ұстанған тәртіп сақшылары балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жазғы демалыс кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске сала отырып, балалармен әңгімелер өткізді. Оның ішінде балалардың суда және орманда дұрыс жүріс-тұрысы, жол қозғалысы ережелерінің сақталуы туралы да айтып өтті.

Аталған шара облыс көлемінде орналасқан балалардың жазғы демалыс лагерьлерінде кезең-кезеңімен өткізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру