Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полиция қызметкерлері марапатталды

Қызылордада ерлік үлгісін көрсеткен полицейлер марапатталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада “Ерлік ел есінде” атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның ашылу салтанатында Қызылорда қаласы полиция басқармасының бастығы Дәулет Беркімбаев сөз сөйлеп, ерлік көрсеткен полиция қызметкерлерін арнайы қол сағаттарымен марапаттап, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Тәртіп сақшыларының басты парызы – ел тыныштығын сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алайда оларға кейде дәрігер мен психологтың, кейде тіпті сүңгуір мен өрт сөндірушінің де міндетін атқаруға тура келеді.

Ердің ері сыналар оқиға болған тұстағы батырлығы үшін Қызылорда қаласы полиция басқармасының полицейлері ерлік көрсетіп, азаматтық танытты. Құқық қорғаушылар мұндай қауіпті жағдайлармен күнде кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру