Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицияға көмек көрсеткен белсенділер марапатталды

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы белсенді азаматтық ұстанымы үшін жергілікті тұрғындарды марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде еліміз үшін азаматтық қоғамның қолдауы маңызды. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға бей-жай қарамай, белсенді азаматтық ұстаным таныту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қаланы абаттандыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің басқа да мәселелерін шешуде белсенділік танытып, азаматтық ұстаным көрсеткені үшін 8 жергілікті тұрғын департамент бастығының алғыс хатымен марапатталды.

Олардың қатарында Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының заңгері Эльмира Тусмагамбетова, Қызылорда қалалық "Мансап орталығы" филиалының маманы Батыржан Қалас және Арман Айтхожин, Салтанат Измаханова, Макпал Мизамбаева, Айжан Нәсіпова, Мирамбек Доспенбетов, Жасұлан Жексембиев бар. Олар ішкі істер органдарына елеулі көмек көрсете отырып, қоғамның игілігі үшін белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

Полиция департаментінің бастығы азаматтық ұстанымы үшін, сондай-ақ олардың қоғамға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 148 құқық қорғау бағыттары бойынша қоғамдық құрылым жұмыс жасауда. Олардың құрамында 1218 белсенді азамат бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру