Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация бақылауындағы 23 сотталған қамауға алынды

Қызылордада пробация бақылауындағы 23 сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында пробация қызметінің бақылауында 1000-ға жуық сотталған азамат тұр. Олардың барлығы соттың жүктеген міндеттерін орындауға міндетті. Алайда жыл басынан бері осы талаптарды орындамаған 23 сотталған жаза өтеуден жалтарғаны үшін бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді.

Бұл азаматтардың жазасының өтелмеген бөлігі сот шешімімен түзеу мекемесінде өтеуге ауыстырылған.

- Пробация қызметі есептегі азаматтармен тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Соған қарамастан тіркеуге келмей, мекенжайында болмай, сот жүктеген міндеттерді орындамай, жазадан жалтарып жүргендер де кездеседі. Күнделікті мекенжайларынан тексеріп, құқықтық түсіндіру және профилактикалық шаралар өткізіледі. Басты мақсат – сотталғандарды қайта қылмыс жасауға жол бермеуге, заң талаптарын орындауға шақыру. Қызылорда облысының пробация қызметі тарапынан бақылау күшейтіліп, пробация талаптарының орындалуы қатаң қадағаланып отыр, - дейді пробация қызметтеріне басшылық жасау тобының бас маманы Ғаламат Құлманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру