Қызылордада пробация есебінде тұрған азаматтар арасында спорттық шара өткізілді
Шиелі аудандық пробация қызметі аудандық Жастар ресустық орталығымен бірлесіп, пробация қызметінің есебіндегі сотталғандар арасында шағын футболдан, қол күрестен жарыс ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған және түзеу мекемелерінен босатылған сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеу, олардың арасында салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында өткізілген жарысқа есепте тұрған 25 сотталған азамат қатысты.
– Пробация есебіндегі азаматтармен түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып тұрамыз. Бүгінгі шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытты. Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, – деді аудандық пробация қызметінің бастығы Қ.Байгенжеев.
Шара соңында үздіктер анықталып, дипломдармен марапатталды.