Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі 197 сотталған жұмыспен қамтылды

Қызылордада пробация есебіндегі 197 сотталған жұмыспен қамтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында пробация қызметі пробациялық бақылауда тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу және қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр.

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметінде 1000-ға жуық сотталған есепте тұр. Олардың ішінде 197 азамат тұрақты жұмысқа орналасып, өмірін қалыпқа келтіруге алғашқы қадамдарын жасауда.

Қызылорда қаласы әкімінің және аудан әкімдерінің қаулысына сәйкес, пробация есебіндегі азаматтарды жұмыспен қамту бойынша 74 квота бөлінген. Пробация қызметінің инспекторлары жұмыссыз жүрген сотталғандарды түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға орналастырды. Бұл – олардың еңбекке араласуына, әлеуметтік бейімделуіне және қайта қылмыс жасамауына сеп болатын нақты қадам.

Пробация қызметттеріне басшылық жасау тобының бас маманы Ғаламат Құлмановтың айтуынша, пробация қызметі тек жұмысқа орналастырумен шектелмейді, профилактикалық және әлеуметтік-құқықтық көмектерді де белсенді түрде көрсетіп келеді.

- Жыл басынан 14 азамат "Бастау бизнес” жобасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болды. Олар “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, бизнес-жоспарларын сәтті қорғап, әрқайсысы 1 572 800 теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болды, - дейді Ғаламат Құлманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру