Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі 6 сотталған квотамен жұмысқа орналасты

Қызылордада пробация есебіндегі 6 сотталған бір күнде квотамен жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 500-ден астам азамат тұр. Пробациялық бақылау белгіленген жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

Қалалық пробация қызметінің бастығы Фариза Сембаеваның айтуынша, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында қала әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарына квота белгіленген. Бүгін сол квота есебінен 6 сотталған “Қызылорда Тазалығы” ЖШС-ға жұмысқа орналасты.

– Сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу мақсатында профилактикалық шаралар өткіземіз. Пробация есебіндегі сотталғандар қызметкерлер тарапынан әрдайым бақылауда болады. Қызметкерлер есептегі әрбір азаматтың тұрғылықты мекенжайынан күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізіп, заң бұзушылыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда республикалық “Пробация” профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Шара аясында есептегі сотталғандарды мобильді жұмысшы топ тексереді. Осы 3 күн ішінде 300-ден астам есептегі сотталғанның мекенжайы бойынша тексеріліп, профилактикалық сұхбат жүргізілді, – деді Фариза Сембаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру