Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында спорттық шара өтті

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында үстел теннисі мен футболдан спорттық шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс үстел теннисі мен футбол спорт түрлері бойынша өтті. Іс-шараны "Қармақшы" қоғамдық бірлестігі мен аудандық пробация қызметі бірлесе отырып ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – пробацияда тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу, олардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа қатысушылар белсенділікпен атсалысып, өзара достық қарым-қатынаста ойын көрсетті.

– Осындай жарыстар біз үшін үлкен қолдау. Көпшілігіміз қателесіп, қиын жағдайға тап болдық. Бірақ бұл өмірдің соңы емес. Осындай шаралар арқылы өзімізді қоғамның бір бөлігі ретінде сезінеміз. Бүгінгі жарыста өзімді бұрынғыдай еркін сезіндім. Алаңда ойнап, командаластарыммен бірге жеңіске ұмтылған сәттер өте әсерлі болды. Алғысым шексіз, – дейді жарысқа қатысқан пробация есебіндегі азамат.

Іс-шара соңында үздік ойыншылар мен командалар марапатталып, арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру