Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандар дойбы мен шахматтан сынға түсті

Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандар дойбы мен шахматтан сынға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық пробация қызметі мен қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы бірлесіп, пробация есебіндегі тұлғалар үшін спорттық шара ұйымдастырды.

Спорттық шараға 15 сотталған адам қатысып, дойбы мен шахматтан сынға түсті.

Шараның басты мақсаты — сотталған азаматтардың әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіру. Дойбы мен шахмат сияқты интелектуалдық ойындар ойлау қабілетті дамытуға, стратегиялық ойлауды жетілдіруге, сонымен қатар психологиялық стрессті төмендетуге көмектеседі.

Бұл ойындар сотталғандардың сабырлы болуына, әлеуметтік қарым-қатынастарды жақсартуға және қоғаммен байланыс орнатуға оң әсер етеді. Ойын барысында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, әр ойында жеңіске жету үшін барын салды. Жарыс нәтижесі бойынша үздік ойын көрсеткен тұлғалар алғыс хатпен марапатталды.

– Бүгін мен дойбыдан жарыста жеңімпаз атандым. Бұл мен үшін үлкен қуаныш, себебі дойбы — тек қызық ойын ғана емес, сонымен қатар терең ойлау мен стратегиялық жоспарлауды талап ететін күрделі ойын. Өзімнің шеберлігімді көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріндім, қарсыластарым да осал болмады. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – деді есептегі сотталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру