Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандар жұмысқа орналасты

Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандар жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Қызылорда қалалық пробация есебіндегі жұмыссыз сотталғандар қатысты.

– Мен пробация есебінде тұрғандықтан бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне келдім. Қолымнан келетін жұмыстың ішінен қалалық жылу беру орталығына жұмысшы ретінде жолдама алдым. Қолымнан келген жұмысты жасап, отбасымды асырағым келеді. Жоғарғы білімімнің жоқтығынан, сонымен қатар пробация есебінде тұрғандықтан көбіне тұрақты жұмысқа орналасу қиындық тудырады. Осындай мүмкіндік берген жұмыс берушілер мен ықпал етуші азаматтарға алғысымды білдіремін, – деді Р. есімді азамат.

Іс-шараның нәтижесінде пробация қызметіндегі есепте тұрған екі сотталған жұмыс беруші тарапынан екі жолдамаға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру