Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі жалғызбасты әке жұмысқа орналасты

Қызылордада пробация есебіндегі жалғызбасты әке жұмысқа орналасты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі есепте тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Соның ішінде сотталған азаматтарды еңбекке тарту – басты басымдықтардың бірі.

Жуырда Жалағаш аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар да қатысты. Нәтижесінде, жалғызбасты әке ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама алды.

– Жұмысқа тұрғаныма өте қуаныштымын. Үш балам бар. Бұрынғы қателігім үшін өкініп жүрмін. Пробация қызметкерлеріне жұмыс іздеп жүргенімді айтқан едім. Олар осы жәрмеңке арқылы жұмыс табуыма көмектесті. Ендігі мақсатым – адал еңбек етіп, балаларымды қатарынан қалдырмай тәрбиелеу. Қолдау көрсеткен жандарға алғысым шексіз, – дейді ол.

Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған 195 азамат жұмысқа орналасқан. Бұл – пробация қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесіп атқарған жүйелі жұмысының жемісі.

Мұндай игі шаралар азаматтардың қоғамға бейімделуіне, өмірлік бағытын қайта табуына және қайталама қылмыстың алдын алуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру