Қызылордада пробация есебіндегі жалғызбасты анаға көмек көрсетілді
Қызылордада пробация есебіндегі жалғызбасты анаға көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық пробация қызметі қоғамдық бірлестіктермен және ерікті жастармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Мереке қарсаңында қалалық пробация қызметкерлері «Ел Арай» қоғамдық қорымен бірлесіп, тұрмыс жағдайы төмен жалғызбасты анаға көмек қолын созды.
– Бұл азаматша пробация есебіне алынғалы бері психологиялық, әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсеттік. Үй-күйі жоқ азаматшаны «Аналар үйіне» орналастырдық. Қоғамдық қор арқылы азық-түлікпен балаларына киімдер және тұрмыстық заттар берілді. Пробация есебіне бақылауға алынған әрбір азаматтың жағдайына зерделеу жүргіземіз, қажет болған жағдайда тиісті көмек түрлерін көрсетеміз, – деді қалалық пробация бастығы Б. Наурызбаев.
Есепте тұрған сотталған жалғызбасты ана отбасына мерекелік көңіл-күй сыйлаған қалалық пробация қызметі мен «Ел-Арай» қоғамдық қорына алғысын айтты.