Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі жастар мұз айдынында демалды

Қызылордада пробация есебіндегі жастар мұз айдынында демалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қызылорда қаласында пробация есебінде тұрған жастар үшін ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Шараны облыстық жастар ресурстық орталығы, пробация қызметі және облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы бірлесіп өткізді. Аталған шара аясында жастар қалалық мұз айдынына барып, коньки теуіп, көңіл сергітіп қайтты.

Іс-шараның басты мақсаты – есептегі жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, оларды салауатты өмір салтына баулу, қоғамға бейімделулеріне ықпал ету. Бұл – олардың өмірлік ұстанымдарын қалыптастырып, оң өзгерістерге бет бұруларына бағытталған игі қадамдардың бірі.Мұз айдынында өткен көңілді әрі белсенді демалыс жастардың бір-бірімен жақын танысып, ашық ортада еркін араласуына мүмкіндік берді. Осындай бастамалар пробация есебіндегі азаматтарды қоғамнан оқшауламай, керісінше, жаңа өмірге бейімделуіне, өз-өзіне деген сенімді арттыруына сеп болатыны сөзсіз.

— Бүгін мұз айдынына барып, ерекше әсер алдық. Коньки теуіп, сергіп қайттық. Бұл шара маған өте ұнады. Осындай сәттер өмірге деген қызығушылық пен сенімді арттырады. Жалпы, пробация қызметі ұйымдастыратын іс-шараларға үнемі белсене қатысуға тырысамын. Бұл – қоғаммен етене араласуға, жаңа ортаға үйренуге берілген тамаша мүмкіндік. Осындай қолдау білдіріп жүрген барша мамандарға алғысымды айтамын, – дейді шараға қатысқан есептегі азамат.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жастардың әлеуметтенуіне, өмірге жаңаша көзқараспен қарауына серпін бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру