Қызылордада пробация қызметкерлері есептегі 3 сотталғанға қайырымдылық көмек көрсетті
Қызылордада пробация қызметкерлері есептегі 3 сотталғанға қайырымдылық көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық пробация қызметі пробация есебіне алынған сотталғандарға қайырымдылық көмекті жиі көрсетіп тұрады. Бүгін де тағы 3 сотталғанға қайырымдылық көмекті көрсетті. Облыстық жастар ресустық орталығымен ынтымақтастық меморандум аясында жастар орталығымен пробация қызметі бірлесіп, 3 сотталғанның отбасына азық-түліктей көмек берді. Көмек алған отбасылар жастар ресустық орталығы мен пробация қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.
– Мұқтажға мейірім көрсетіп, қысылғанға қайырымдылық таныту қанымызда бар қасиет. Бүгінгі көмек пробация есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы үш отбасыға берілді. Бұған дейін де қалалық жұмыспен қамту орталығымен бірнеше отбасыға берілген. Пробациялық бақылауға алынған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмектер беріп, олардың тұрақты жұмысқа орналасауына да ықпал жасап жатырмыз. Қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, – дейді пробация қызметінің инспекторы Ж.Иманбек.